Біз туралы

Біз халықтың денсаулығына басымдық беретін медициналық орталықтардың желісін құруға және дамытуға тырсып жатырмыз. Біздің орталықтарымыздың жетістігінің басты себебі –  біздің қазіргі заманғы медициналық технологияға деген сеніміміз, жоғары білікті мамандардың жұмысы және денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету үшін компания құрылымдарының жақсы үйлесімділігі.

Orhun Medical өз қызметін 2015 жылы өзінің алғашқы орталығын Қазақстанның Алматы қаласында ашудан бастады. Бастапқыда радиологиялық орталық ретінде жұмыс істейтін біздің мекеме өзінің құрылымына клиникалық және зертханалық қызметтерді қосып өсе берді. Алматыдағы радиологиялық орталық кейін Достық көшесіндегі диагностикалық орталық (Шевченко қиылысы) пен Онкология және радиология институтының (ҚОжРҒЗИ) құрамындағы ПЭТ / КТ орталығымен жалғасты. Бұдан әрі Қарағанды және Тараз қалаларында медициналық орталықтар, сондай-ақ Ақтау мен Павлодар қалаларында радиологиялық орталықтар жұмыс істей бастады.

Біздің корпоративтік көзқарасымыз – диагностика мен емдеудің заманауи әдістерімен жабдықталған медициналық орталықтардың кеңейтілген желісін құру. Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жетекші инновациялық жобаларды жүзеге асыру біз үшін үлкен мәртебе. Жақын арада біз радиология және ПЭТ / КТ орталықтарының қасына томотерапия орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл орталық жыл сайын үміттенетін науқастар үшін Қазақстандағы алғашқы және ең заманауи онкологиялық орталық болады.

Біз өз тәжірибемізбен, ұстанатын этикалық құндылықтар және ешқашан бас тартпайтын ұмтылыстың арқасында Қазақстандағы денсаулық сақтау саласында әлі де алға жылжуымыз керек екенін мойындаймыз. Біздің ең үлкен тілегіміз қазақ халқының денсаулығы үшін еңбек ету.