Пожалуйста, звоните в колл-центр по следующим номерам:

«Orhun» сыйлық сертификаттары туралы ереже

«Orhun Medical» ЖШС Бас директорының №52 бұйрығымен бекітілген, «2024 жылдың 19 қарашасы»

1. Жалпы ережелер

1.1. Сыйлық сертификаты (бұдан әрі – Сертификат) – бұл «Orhun Medical» ЖШС (бұдан әрі – Компания) медициналық орталықтар желісінде Сертификаттың номиналды құнына тең сомада қызмет алу құқығын растайтын құжат.

      • Сертификатта жеке нөмір, сатып алу күні, жарамдылық мерзімі және номиналды құны көрсетіледі.
      • Сертификат сатып алушы – Сертификаттың номиналды құнына тең соманы медициналық қызметтер үшін төлеген жеке немесе заңды тұлға. Сертификатты үшінші тұлғаға беруге болады.
      • Сертификат ұстаушы – Сертификатты иемденген және оны пайдалануға ұсынған жеке тұлға.
      • Сертификат үлгілері осы Ереженің Қосымшаларында бекітіледі.
      • Сертификат ақшалай эквивалентке айырбасталмайды.

2. Сертификаттарды сатып алу ережелері

2.1. Компания келесі түрдегі Сертификаттарды шығара алады:

2.1.1. Стандартты Сертификаттар (ақылы негізде)

        • Стандартты Сертификаттар ақылы негізде қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлем арқылы сатып алынады және оны Компанияның медициналық орталықтарында қызмет алу үшін пайдалануға болады.
        • Сертификат сатып алушы номиналды құнға тең соманы Компанияның кассасына қолма-қол төлейді немесе банктік аударым арқылы Компанияның есепшотына аударады.
        • Сатып алған кезде жеке тұлғаларға фискалдық чек беріледі, ал заңды тұлғаларға чекпен бірге қабылдау-тапсыру актісі беріледі.

2.1.2. Маркетингтік Сертификаттар

        • Компания өз серіктестеріне ынтымақтастықты нығайту және брендті танымал ету мақсатында Маркетингтік Сертификаттарды беруі мүмкін. Мұндай Сертификаттарға қатысты шарттар Серіктеспен жасалған тиісті шартта көрсетіледі.
        • Маркетингтік Сертификаттың дизайны, номиналы және пайдалану шарттары осы Ереженің Қосымшаларында айқындалады.

2.1.3. Басқа Сертификаттар

        • Қажет болған жағдайда Компания Бас директордың бұйрығымен бекітілетін басқа түрдегі Сертификаттарды да шығара алады.

*ПЭТ/КТ қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

3. Сертификаттың құны

3.1. Сертификаттың номиналды құны оның бетінде көрсетіледі. Сертификаттардың номиналды құны келесі мөлшерлерде шығарылады: 25 000 теңге, 50 000 теңге, 75 000 теңге, 100 000 теңге.

3.2. Сертификаттың номиналды құны ұстаушыға сол құнға тең қызмет алуға немесе құны номиналды құннан асатын қызмет үшін ішінара төлем жасауға құқық береді.

3.3. Маркетингтік Сертификаттардың номиналы жеке бекітілуі мүмкін.

4. Сертификатты пайдалану

4.1. Сертификат сату/тапсыру күнінде іске қосылады және сатып алынған/қабылданған күннен бастап 12 ай бойы жарамды, егер Сертификатта өзгеше көрсетілмесе.

4.2. Сертификаттың жарамдылық мерзімі ұзартылмайды.

4.3. Сертификат жоғалғанда, ұрланған кезде немесе бүлінгенде қалпына келтірілмейді және төленген ақша қайтарылмайды.

4.4. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен Сертификаттар пайдаланылмаған жағдайда, төленген қаражат қайтарылмайды, және қалдық сомасы ақшалай өтелмейді.

4.5. Компания Сертификатты пайдаланудан бас тартуы мүмкін, егер:

4.5.1. Сертификат көрсетілмесе немесе жалған Сертификат ұсынылса.

4.5.2. Сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталған болса.

4.5.3. Сертификаттың нөмірі, номиналы және қорғаныш белгілері оқылмайтын деңгейде бүлінсе.

4.5.4. Сертификат бұрын пайдаланылған болса.

4.5.5. Қызмет көрсету техникалық себептерге байланысты мүмкін болмаса (жөндеу жұмыстары, электр энергиясының болмауы және т.б.).

4.6. Атына жазылған Сертификаттарды тек атаулы иесі пайдалана алады. Үшінші тұлғаға беру үшін алдын ала Компанияның Call-орталығына хабарлау қажет.

4.7. Атына жазылмаған Сертификаттарды кез келген адам пайдалана алады, жеке басын куәландыратын құжат талап етілмейді.

4.8. Сертификаттар Компанияның барлық филиалдарында қабылданады.

4.9. Сертификат бірінші пайдалануда Компанияға тіркеуге беріледі.

4.10. Сертификат алғашқы тіркелген қалада ғана пайдаланылуы мүмкін.

4.11. Компания Сертификаттың сатып алушыдан немесе үшінші тұлғадан қандай негізде және кімге берілгеніне жауап бермейді.

4.12. Сертификаттағы қалған баланс оның жарамдылық мерзімі ішінде келесі сапарларда пайдаланылуы мүмкін.

4.13. Қызметтердің құны Сертификаттың номиналынан асса, айырмашылық қолма-қол немесе қолма-қолсыз төленуі тиіс.

4.14. Қызметтердің құны Сертификаттың номиналынан төмен болса, қалдық болашақ қызметтерге қолданылады.

4.15. Бірнеше Сертификатты бір транзакцияға біріктіруге болады.

4.16. Бүлінген немесе шынайылығы күмән тудыратын Сертификаттар қабылданбайды.

5. Қосымша ережелер

5.1. Сертификат жария оферта болып табылады. Осы Ереже Сертификаттарды қолдану арқылы жасалған жария келісім-шарттың негізгі шарттарын айқындайды.

5.2. Сертификат сатып алынған/тапсырылған кезде сатып алушы/алушы осы Ережемен танысқанын растайды.

5.3. Компания Сертификаттарды шығаруға дейін олардың деректерін ішкі есеп жүйесіне енгізеді және сатылған Сертификаттар туралы ақпаратты жаңартып отырады.

5.4. Осы Ереже Компанияның ресми сайтында қолжетімді.

«Орхун» сыйлық сертификатының үлгісі

Свяжитесь с нами для получения дополнительной информации