Пожалуйста, звоните в колл-центр по следующим номерам:

Кардиология

Кардиология

  • Кіріспе
  • Орталықтар
  • Дәрігерлер

Orhun Medical медициналық орталығындағы кардиология

Кардиология – жүрек және қан тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеумен айналысатын медицинаның маңызды салаларының бірі. Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларындағы заманауи орталықтарымызда біз барлық жастағы науқастарға диагностика мен емдеудің толық кешенін жүргіземіз.

Озық әдістермен жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресу

Жүрек-қан тамырлары аурулары Қазақстанда, тіпті жас тұрғындар арасында жиі кездесетін күрделі мәселе. Orhun Medical орталығы бұл үрдіске қарсы тұруға ниетті.

Біз ең жаңа дәрілік терапиялар мен өмір салтын түзету стратегиялары арқылы жүрек ауруын емдеудің озық әдістерін ұсынамыз. Кардиологтар ең жаңа технологиялар мен жеке тәсілді қолдана отырып, емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартады.

Кардиологтың қызметі – емдеу және аурудың алдын алу 

Біздің кардиологтар күретамырлы қысымның көтерілуі (артериялық гипертензия), жүректің ишемиялық ауруы және инфаркт алдындағы жай-күй сияқты ауруларды кәсіби түрде емдейді. Олар мұқият тексерулер жүргізе отырып, бірқатар диагностикалық құралдарды пайдаланады. Аурудың алдын алу үшін біз 45 жастан асқан адамдарға жүйелі түрде тексеруден өтуді ұсынамыз және жүрек ауруының қаупін тиімді анықтау мен азайту үшін генетикалық сынақтарды ұсынамыз.

Кардиологқа қай кезде қаралу қажет

Егер сізде жүрек ауруына тұқым қуалайтын бейімділік болса, жоғары холестерин, темекі шегу немесе қант диабеті сияқты қауіп факторлары болса, міндетті түрде кардиолог маманына қаралу керек. Жаңа физикалық белсенділіктің бастамас бұрые дененің жұмысын бағалау қажет. Егер сізде кеудеңізде ауырсыну, жүрек соғысының ырғақсыздығы (аритмия), ентігу, әдеттен тыс шаршау, бас айналу, бас ауруы, сөйлеу немесе көру қабілетінің бұзылуы, күретамырлық қысымының ауытқуы сияқты белгілерді байқасаңыз, кардиолог маманынан кеңес алуыңыз маңызды.

Біз емдейтін жиі кездесетін жүрек аурулары:

  • күретамырлы қысымның көтерілуі (артериялық гипертензия және гипотензия);
  • коронарлық жүрек ауруы және миокард инфарктісі;
  • жүрек қақпақшасының ақауы;
  • кардиомиопатия;
  • миокардит және жүрекқап қабынуы (перикардит) сияқты жүректің қабыну аурулары;
  • аритмия сияқты ырғақ бұзылулары;
  • атеросклероз сияқты жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Кардиологиядағы диагностикалық әдістер

Біздің инвазивті емес және жұмсақ диагностикалық әдістерге мыналар кіреді: 

  • электрокардиография (ЭКГ);
  • жүгіру жолағында стресс сынағы;
  • Холтер бойынша ЭКГ мониторингі;
  • эхокардиография (жүректің УДЗ);
  • толық зерттеу үшін  жүрекке қан апаратын артерия ангиографиясының КТ.

Кешенді кардиологиялық тексеруді жоспарлау немесе біздің белгілі кардиолог мамандарымызбен кеңесу үшін дәл бүгін Orhun Medical медициналық орталығына хабарласыңыз. Сіздің жүрегіңіз ең жақсы күтімге лайық. Біздің есігіміз сіз үшін әрқашан ашық екенін ұмытпаңыз!

Біздің мамандардан кеңес алу үшін 2814 нөміріне қоңырау шалып, қабылдауға жазылыңыз. 

Кіріспе

Қазыбек бидегі медициналық орталық

Алматы

Достықтағы "Отбасы денсаулығы" орталығы

Алматы

Тараз медициналық орталығы

Тараз

Қарағанды қаласындағы медициналық орталық

Қарағанды

Ақтау қаласындағы медициналық орталық

Ақтау

Дәрігерлер

Свяжитесь с нами для получения дополнительной информации