Пожалуйста, звоните в колл-центр по следующим номерам:

Эндокринология

Эндокринология

  • Кіріспе
  • Орталықтар
  • Дәрігерлер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қалқанша безінің сырқатымен дүние жүзінде 750 миллион адам ауырады. Merck Group Қазақстанда әрбір бесінші адамда қалқанша безінің қызметі бұзылған деп хабарлайды. Мұндай патологияның салдары эндокринолог дәрігері қаралуға міндетті мамандардың бірі болмағандықтан өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, гормонның бұзылуын уақтылы анықтап, бірқатар аурулардың дамуына жол бермес үшін эндокринологқа жүйелі түрде бару керек.

Эндокринология – эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалау және емдеумен айналысатын медицина саласы. Эндокриндік жүйе ағзадағы гормондардың түзілуі мен тепе-теңдігіне жауап береді. Бұл гормондар зат алмасумен қатар әртүрлі органдар мен жүйелердің өсуін, дамуын және жұмысын реттейді.

Медицинаның салыстырмалы түрде жаңа саласы болып есептелетін эндокринология күннен-күнге маңызды және өзекті бола түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 422 миллионнан астам адам қазіргі қоғамда жиі кездесетін эндокриндік аурулардың бірі қант диабетімен ауырады.

Осы саладағы білікті медициналық көмекті Қазақстанның ірі қалаларында және Алматыда орналасқан Orhun Medical медициналық орталықтарынан алуға болады. Әр эндокринологтың медициналық білімі және мамандану сертификаты бар, олардың әрқайсысы барлық қажетті диагностикалық және емдік процедураларды орындай алады.

Orhun Medical эндокринолог мамандары эндокриндік жүйе бездерінің дисфункциясымен немесе белгілі бір қатерлі ісік (онкологиялық) ауруымен байланысты гормоналды бұзылулары бар науқастарға көмектеседі. Емдеудің негізгі мақсаты – қалыпты гормоналды тепе-теңдікті қалпына келтіру.

Эндокринолог мамандарының негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Эндокриндік жүйенің ауруларын диагностикалау, оның ішінде гормонға тапсырылған қан талдауы және қалқанша безімен басқа да мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ).
  • Эндокриндік жүйенің ауруларын дәрі-дәрмектің көмегімен емдеу, тамақтану және өмір салтын түзету.
  • Эндокриндік аурулардың алдын алу және емдеу бойынша кеңес беру, соның ішінде гормоналды бақылау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және салауатты өмір салтының басқа да аспектілері бойынша ұсыныстар беру. 

Эндокринолог маманына қашан бару керек?

  • кенеттен болған әлсіздік пен шаршау;
  • қарын ашқанда күшейетін жиі бас ауруы;
  • көңіл-күйдің күрт өзгеруі;
  • зейіннің төмендеуі;
  • ауыздың құрғауы, үнемі шөлдеу;
  • артық салмақтың болуы;
  • іш қату, жүрек айну, ұйқының бұзылуы;
  • буындар мен сүйектердегі ауырсыну;
  • шаш пен тырнақтың нашарлауы;
  • етеккір циклінің бұзылуы;
  • 50 жастан кейінгі әйелдердегі дене күйінің өзгеруі (қызба, терлеудің жоғарылауы, терінің қаттылығын жоғалту, шырышты қабықтың құрғауы);
  • аяқ-қолдың дірілдеуі немесе ұюы;
  • тахикардия, ыстық пен суыққа төзімділігі нашар болуы, қатты тершеңдік;
  • балалардағы өсудің тежелуі немесе жылдамдауы. 

Эндокринологиялық аурулардың көрсеткіштері:

  • гормоналды бұзылулар;
  • инсулинге төзімділік;
  • қант диабеті;
  • қалқанша безінің аурулары (гипертиреоз, түйіндер, қатерлі ісік(рак), тиреоидит);
  • гипофиздің патологиясы;
  • бүйрек үсті бездерінің аурулары (гиперальдостеронизм, Кушинг синдромы, гиперандрогения, феохромоцитома);
  • D дәрумені тапшылығы;
  • толықтық/семіздік. 

Диагностикалық әдістерге төмендегілер жатады:

  • қалқанша безі мен іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі;
  • гипофиздің МРТ;
  • электрокардиограмма (ЭКГ);
  • денситометрия;
  • жалпы және биохимиялық қан талдауы.

Кіріспе

Достықтағы "Отбасы денсаулығы" орталығы

Алматы

Тараз медициналық орталығы

Тараз

Дәрігерлер

Свяжитесь с нами для получения дополнительной информации