Пожалуйста, звоните в колл-центр по следующим номерам:

ТЕРАПИЯ

ТЕРАПИЯ

  • Кіріспе
  • Орталықтар
  • Дәрігерлер

Orhun Medical терапия бөлімі шұғыл хирургиялық араласуды қажет етпейтін аурулары бар ересек науқастарға қызмет көрсетеді.

Біздің терапевт дәрігерлеріміз көлемі үлкен дайындықтан өткен. Олар көптеген ауруларды емдеп қана қоймай, науқастарға сырқаттың алдын алу мен жалпы әл-ауқат туралы кеңес береді. Біздің терапевтік бөлімшенің басты бағыты – аурудың алдын алу.

Толық қанды физикалық тексеру, көпсалалы тәсіл және сырқатнаманы (ауру тарихын) жинау негізінде біздің дәрігерлер тиімді емдеу жоспарын құрады. Ауру асқынып кетпес үшін өзін-өзі емдеуден бас тартуды ұсынамыз. Біздің мамандармен уақтылы кеңес алу дәрігер емін нәтижелі етеді.

 
Дәрігер-терапевт нені емдейді

Терапевт – бұл медициналық үдерістегі негізгі дәрігер. Ол ішкі ағзалардың ауруларын диагностикалаумен, емдеумен және алдын алумен айналысады. Терапевт дәрігерінің негізгі міндеттеріне пациенттерді тексеру, диагноз қою, сынақтар мен кеңестерге жолдама беру кіреді. Емдеудің тиімділігі дәрігердің кәсібилігі мен біліктілігіне тікелей байланысты.

Ауру белгісі пайда болған сәтте немесе жоспарлы тексеруден өту үшін науқастар терапевтке жүгінеді. Әрі қарай емдеу немесе мамандарға жолдау дәрігердің дұрыс диагноз қоюына байланысты болады. Өз міндеттерін сәтті орындау үшін терапевттің жоғары білімі мен практикалық тәжірибесі болуы керек.

 
Orhun Medical терапевттеріне қаралатын аурулардың тізбегі:
  • қант диабеті;
  • қан қысымы;
  • бауыр аурулары;
  • бүйрек аурулары;
  • қан аурулары;
  • ас қорыту жүйесінің бұзылуы (асқазан және ішек);
  • жұқпалы аурулар;
  • тыныс алу жүйесінің бұзылуы;
  • гормоналды бұзылулар және толықтық (семіздік).

 

Терапевттің негізгі функцияларының бірі – қауіп факторларын анықтау және алдын алу шараларын ұйымдастыру. Терапевттер салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен вакцинация бойынша ұсыныстар бере алады. Олар сондай-ақ созылмалы ауруларды емдеп, науқастар жағдайларын жақсартуға көмектеседі.

Orhun Medical орталығының терапевтері жоғары кәсіби деңгейімен және мол тәжірибесімен ерекше. Олар емдеу процесінде жайлылық пен сенімді қамтамасыз ете отырып, әр науқасты жеке қабылдайды.

Orhun Medical терапевтерінің арсеналындағы диагностикалық әдістер:

  • зертхана;
  • эхоКГ;
  • ЭКГ;
  • холтер-ЭКГ;
  •  УДЗ;
  • түсті допплер;
  • рентген;
  • МРТ;
  • КТ;
  • денситометрия;
  • эндоскопия.

Егер сізде келесі белгілер болса, міндетті түрде дәрігерге қаралуыңыз керек:

  • өткір қабынба белгілері;
  • ринит;
  • қимыл-тірек аппаратының бұзылуы;
  • статодинамикалық функцияның бұзылуы;
  • парестезия;
  • сөйлеудің бұзылуы;
  • диплопия (көзге қос көріну);
  • есту қабілетінің нашарлауы;
  • мазасыздық;
  • естен тану;
  • аяқ-қолдың әлсіздігі;
  • бас айналу, бас ауруы, естен тану;
  • шөлдеу, қышыну, шаршау;
  • салмақ жоғалту;
  • уақытша және жиі дене қызуының көтерілуі;
  • суық тер;
  • тамақтың құрғауы;
  • дәмнің бұзылуы;
  • жүрек айнуы;
  • іш қату;
  • ентігу;
  • жөтел;
  • тыныс алғанда сырыл/құрғақ сырылдар;
  • ұзақ дем шығару;
  • жоғары дене температурасы.

Орталықтар

Қазыбек бидегі медициналық орталық

Алматы

Достықтағы "Отбасы денсаулығы" орталығы

Алматы

Ақтау қаласындағы медициналық орталық

Ақтау

Қарағанды қаласындағы медициналық орталық

Қарағанды

Тараз қаласындағы медициналық орталық

Тараз

Желтоқсан медициналық орталығы

Тараз

Дәрігерлер

Свяжитесь с нами для получения дополнительной информации