Неврология – орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін сала. Жүйке жүйесі ми және жұлыннан, перифериялық жүйке жүйесінен құралады. Хирургиялық араласу қажет болмаған кезде бұл аймақтарды емдеу неврология бөлімінде жүзеге асырылады.
Күрделі неврологиялық ауруларды емдеуде Orhun medical неврологтарының тәжірибесі мол. Олар:
- жүйке жүйесінің сирек кездесетін ауруларын диагностикалау және емдеуге;
- көп жылдық тәжірибе негізінде сарапшылық көмек көрсетуге мамандандырылған.
Айта кетейік, біздің неврологтар жыл сайын жүйке жүйесінің тіндерін зерттеу бойынша тренингтерге қатысып, халықаралық және қалааралық іс-шаралар мен семинарлар арқылы тәжірибесін арттырады.
Қаралу кезінде невролог көбіне:
- денсаулық жайлы сұрақтарды қоюдан бастайды;
- ықтимал патологияларды анықтау үшін пальпацияға көшеді;
- қажет болған жағдайда МРТ, КТ, рентген және ультрадыбыс сияқты қосымша сынақтамадан өтуді ұсынуы мүмкін.
Бұл процедуралар науқастың жағдайын нақтырақ көрсетеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мамандармен уақтылы кеңес алу өте маңызды. Егер сізде алаңдатарлық белгілер пайда болса, невропатологқа баруды кейінге қалдырмаңыз. Кез келген басқа ауру сияқты жүйке жүйесінің аурулары да өршіп кетуі мүмкін. Ерте диагностикалаудың арқасында ем әсері нәтижелі болмақ.
Неврологпен қашан кеңесу керек?
Егер сізде төмендегі белгілер бар болса, медициналық көмекке жүгініңіз:
- қимыл қозғалыс үйлесімімен мәселеле;
- аяқ-қолдың еріксіз қозғалысы;
- түсіңкі қабақ;
- есте сақтау қабілетінің жоғалуы;
- көру қабілетінің жоғалуы;
- құлақтағы шу;
- бет асимметриясы;
- ауырсынуды басатын дәрілерден басылмайтын кенеттен қатты бас ауруы;
- бас айналу, сандырақ, естен тану;
- бет, мойын, арқа, аяқ-қолдың ауыруы;
- бұлшықет әлсіздігі;
- ұйқының бұзылуы, сөйлеу қабілетінің жоғалуы, зейіннің бұзылуы.
Инсульт, ми қанайналымының бұзылуы неврит және невралгиядан зардап шеккен науқастар үшін неврологпен кеңесу өте маңызды.
Біздің клиника төмендегі ауруларды емдейді:
- қимылдың бұзылуы: паркинсон ауруы, дистония, тремор;
- еріксіз қозғалыстар: құрысулар, қояншық ауруы;
- жүйкенің қысылуы: білезік канал синдромы, тарсальды туннель синдромы және т.б.;
- шеткі жүйке аурулары: қант диабетінен немесе басқа аурулардан болатын невралгия;
- кенеттен қатты ауырсыну: үшкіл жүйкенің невралгиясы, шүйде невралгиясы;
- бас айналу;
- жұлын аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің инфекциясы;
- жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары;
- эпилепсия: кішігірім немесе ауыр, кейде хирургиялық араласуды қажет ететін қояншық;
- амнезия: Альцгеймер ауруы, витаминдер не гормонның жетіспеушілігінен туындаған деменция, ми шемені (гидроцефалия);
- бұлшықет аурулары: миастения, миопатия;
- шашыраңқы склероз (ШС) және мидың басқа қабыну аурулары;
- мойынның, белдің ауырсынуы және жарық (грыжа);
- ми, омыртқа жотасы, шеткі жүйке жарақаты.
Orhun Medical ересектер мен балаларға диагностика мен ем көрсетеді.
Диагностика мен ем әдістері
Біздің клиника ересектерге де, балаларға да диагностика мен емдеуді ұсынады. Біз диагностика жасау үшін:
- МРТ және магнитті-резонансты ангиография (MRA);
- компьютерлік томография;
- физиотерапия және реабилитация;
- денситометрия;
- түсті допплерлік ультрадыбыстық зерттеу.
Аурудың себептерін түсіну
Диагностикалық жабдықтар мен қан талдауы арқылы біз аурулардың себептерін зерттейміз. Нақты диагноздан кейін тиімді емдеу жүргізіледі.