Ортопедиялық травматология бөлімі
Orhun Medical медорталығында ортопедиялық травматология бөлімі қимыл-тірек аппаратының аурулары мен жарақаттарын емдеуге арналған қызметтердің толық кешенін ұсынады. Дәрігерлеріміздің ортепедия саласындағы терең білімі күрделі сынықтарды және басқа да мәселелерді емдеуге әрі әр науқас үшін жеке емдеу жоспарларын жасауға мүмкіндік береді.
Орталығымыздың мамандары қимыл-тірек аппараты (сүйек, буын, сіңір және бұлшықет) ауруларын алдын алу және емдеу үшін диагностика мен емдеудің озық әдістерін қолданады. Олар сондай-ақ әртүрлі қиындық дәрежесіндегі жарақаттарға назар аударып, отадан кейінгі нәтижелі емді қамтамасыз етеді.
Orhun Medical орталығында буын, сүйек және бұлшықет ауруларын нақты диагностикалауға және әсерлі емдеуге, сондай-ақ жарақаттан кейін қалпына келтіруге арналған соңғы үлгідегі заманауи медициналық жабдықтар бар. Алматыда және бүкіл Қазақстан бойынша танымал мамандарымыз ең күрделі оталарды да жасайды.
Егер сізді төмендегінің бірі алаңдататын болса, ортопед-травматологпен кеңесу қажет:
Диагностика және емдеу
Біздің мамандар қан талдауының нәтижелері мен құралдық зерттеу әдістерінің диагностикасын пайдаланады, соның ішінде:
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық көрсету
Ауырсыну белгілерін байқасаңыз дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Егер сіз жоғарыда аталған жағдайлардың біріне тап болсаңыз, біздің мамандардан кеңес алыңыз. Біз сізге ортопедиялық медицинаның озық шешімдерінің көмегімен денсаулығыңыздың жақсаруына және өмір сапасын қалпына келтіруге көмектесеміз.
Бүгіннен қалмай біздің маманның көмегіне жүгініңіз
Біздің орталықтың мамандарынан кеңес алуды жоспарлап, Orhun Medical медициналық орталығының көмегімен денсаулығыңызды жақсартуға алғашқы қадам жасаңыз.