Пожалуйста, звоните в колл-центр по следующим номерам:

Реабилитация

Реабилитация

  • Кіріспе
  • Орталықтар
  • Дәрігерлер

Реабилитация (оңалту) – бұл аурудың, жарақаттың немесе басқа да зақымданудың салдарынан бұзылған функцияларды қалпына келтіруге бағытталған кешенді емдеудің түрі. Мұндай кешенді емдеу емделушілерге күнделікті өмірге оралуға көмектеседі.

Оңалту тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеу үшін қолданылады. Ол әр емделушінің жеке қажеттіліктеріне бейімделуі мүмкін.

Біздің оңалту бөлімшеміз ревматоидты артрит, псориатикалық спондилоартрит, анкилозды спондилит, остеоартрит, жүйелі терінің қатаюы, сондай-ақ травматикалық және дегенеративті сипаттағы тірек-қимыл аппаратының ауруларын қоса алғанда, барлық ревматикалық ауруларды қалпына келтіру бойынша ем-шаралар жүргізеді.

Оңалтуға арналған көрсетулер:

  • омыртқа жарығы (грыжа), артрит, бұлшықет және буын ауруы сияқты тірек-қимыл аппаратының аурулары;
  • сыну, шығу, созылу сияқты жарақаттар;
  • отадан кейінгі қалпына келтіру;
  • фибромиалгия және миофассиялық ауырсыну синдромы сияқты жұмсақ тіндердің аурулары.

Ортопедиялық оңалтудың жаңа түрлері:

  • жамбас пен тізе буындарының ауырсынуы;
  • мениск;
  • алдыңғы крест тәрізді байлам;
  • сынғаннан кейін орындалатын ортопедиялық процедуралар;
  • қозғалыс шектеулерін жеңілдету үшін жылжыту.

Ревматизмның төмендегідей аурулары бар науқастарды оңалту іске асырылады:

  • ревматоидты артрит;
  • жүйелі склеродермия;
  • бехтерев ауруы;
  • спондилоартроз;
  • остеоартрит;
  • тірек-қимыл аппаратының жарақаттары;
  • эстетикалық ревматология (артық салмақпен фигураны түзету).

Емдеу әдістері:

  • Гальванизация және электрофорез. Дәрі-дәрмектерді дене тіндеріне енгізу үшін тұрақты электр тогын қолдану.
  • Диадинамикалық терапиясы. Бұл қан айналымын жақсарту, тіндердің өзіне сіңіруін, зат алмасуды және ауырсынуды жеңілдету үшін импульстік токтарды қолданатын емдеу әдісі
  • Амплипульстерапиясы. Бұл ауырсыну, қан айналымының бұзылуы және басқа да бұзылулармен бірге жүретін жүйке жүйесінің жарақаттары мен ауруларын емдеу үшін импульстік токтарды қолданатын емдеу әдісі.
  • Электрлік ширату. Ағзаның мүшелері мен жүйелерінің белсенділігін ынталандыру немесе арттыру үшін импульстік токтарды қолданатын емдеу әдісі. Көбінесе бұлшықетті ынталандыру үшін қолданылады.
  • Ультрадыбыстық терапия және фонофорез. Бұл ауырсынуды, қабынуды және құрысуды азайту үшін қолданатын ультрадыбысты емдеу әдістері. Емдік процедураның әсерін күшейту үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауға болады.
  • Жергілікті криотерапия және криоэлектромиостимуляция. Емдік әсер болу  үшін +10-15 градус цельсийге дейін салқындатуды қолданатын емдеу әдістері. Бұл әсер қан айналымын жақсартады, қабыну мен ауырсынуды азайтып, иммундық жүйені белсендіруді қамтиды.
  • Лимфа дренажы. Ем-шара  VIP Lipo Line Duo құрылғысының көмегімен жүзеге асырылады, ол курс барысында (әдетте 10 ем-шара) артық май мен целлюлиттің айқын көрінісінің төмендеуіне қол жеткізуге және тері құрылымының жақсаруына мүмкіндік береді.
  • Массаж. Бұл қан айналымын, зат алмасуды және бұлшықет релаксациясын жақсарту үшін механикалық әрекетті қолданатын ем-шара. Массаж көптеген ауруларды емдеуге, әсіресе ауырсыну, бұлшықеттің құрысуы және артритқа пайдалы болуы  мүмкін.
  • Емдік дене шынықтыру. Емдік дене шынықтыру аясында дұрыс тыныс алуды үйретумен бірге емдік-профилактикалық мақсатта арнайы таңдалған дене жаттығулары қолданылады.
  • Магнитотерапия. Магнитотерапия – бұл төмен жиілікті магнит өрістерін қолданатын терапевтік ем-шара, қан айналымы мен қан тамырларының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жасуша полярлығын қалпына келтіруге және ферменттік жүйелерді жанама әсерсіз белсендіруге ықпал етеді.
  • Тракциондық терапия (мойын, бел омыртқасы). Ол дозаланған тартқышты қолдану арқылы дене тіндеріне емдік әсер етеді және омыртқа ауруларын, соның ішінде остеохондрозды, сколиозды және омыртқааралық грыжаларды кешенді емдеудің маңызды бөлігі болып табылады.

Оңалту әдістеріне термотерапия, лазерлік терапия, ыстық терапия, парафинді ванналар, инфрақызыл терапия, плазмолифтинг, карбокситерапия және ТЭНС- терапиясы жатады. Олардың әрқайсысының өзіндік емдік қасиеттері бар және емделушінің клиникалық күйіне байланысты қолданылады. 

Суық компресстер мен салқындатқыш спрейлерді қолданатын криотерапия суық аппликациямен емдеу үшін қолданылады. Біздің клиникада дәрі-дәрмектерден бастап механикалық терапияға дейін әртүрлі емдеу әдістері, соның ішінде массаж және мануальды терапия, сондай-ақ PRP-терепиясы мен карбокситерапиясы сияқты заманауи әдістер қолданылады.

Орталықтар

Тараз медициналық орталығы

Тараз

Дәрігерлер

Свяжитесь с нами для получения дополнительной информации