Ревматология
Ревматология
Ревматология – буын, қан айналым жүйесі, дәнекер тіндер мен жұмсақ тіндердің ауруларын диагностикалау және емдеу жолдарын зерттейтін медицина саласы.
Ревматологиядағы аурулар қабынба және қабынуға жатпайтын екі негізгі топқа бөлінеді. Қабынуға жатпайтын топқа остеоартрит (буындардың дегенеративті ауруы), сондай-ақ жұмсақ тіндердің ауырсынуын тудыратын (фибромиалгия, тендинит және миалгия сияқты) аурулар жатады. Осы топқа төмендегі аурулар да кіреді:
- бел-мойын жарығы (грыжасы);
- омыртқалардың ығысуы;
- омыртқа өзегінің тарылуы.
Orhun Medical-да жүйелі ауруларды диагностикалау мен емдеуде жоғары білімі бар тәжірибелі ревматологтар жұмыс істейді. Бұл дәрігерлер ревматизм, құяң, артрит, жүйелік склеродерма және буындардағы басқа қабыну ауруларын емдеу бойынша маманданған. Әрбір науқас үшін нақты диагностика мен жеке тәсілді қамтитын емдеу жоспары әзірленеді.
Ревматологқа мына жағдайлар болған кезде бару керек:
- таңертең немесе ұзақ отырудан кейін буынның қатаюы;
- болмашы жүктеме кезінде буындардың ауыруы;
- ешқандай себепсіз сыну;
- арқаның ұйып қалуы;
- ешқандай себепсіз буындар мен бұлшықеттердің ауырсынуы;
- теріде аздаған қан кету немесе геморрагиялық бөртпе;
- созылмалы беттің қызаруы;
- терінің қалыңдауы және қатаюы/тығыздалуы;
- ешқандай себепсіз дене қызуы.
Біздің ревматологтар емдейтін аурулар тізбегі төмендегідей:
- ревматизм;
- жұмсақ дәнекер тіндердің ревматикалық зақымдануы;
- артрит;
- құяң (подагра);
- остеоартроз;
- спондилоартроз;
- Рейно синдромы;
- Рейтер синдромы;
- Шарп синдромы;
- жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ);
- дерматомиозит;
- склеродермия;
- жүйелік васкулиттер.
Дәл диагноз қою үшін МРТ, Компьютерлік томография (КТ) және УДЗ қолданылады.
Зертханалық талдауларға мыналар жатады:
- биохимиялық қан талдауы;
- ревматоидты фактор сынағы;
- антинуклеарлы және антицитруллинді антиденелерді талдау;
- С-реактивті ақуызды зерттеу, жалпы қан талдауы мен эритроцитердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ).
Диагноз қойылғаннан кейін жеке емдеу жоспары әзірленеді. Оған дәрі-дәрмек терапиясы және жалпы денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға бағытталған өмір сүру салты мен тамақтануды өзгерту бойынша ұсыныстар кіруі мүмкін. Бүгіннен қалмай біздің тәжірибелі ревматологтарымызға жазылыңыздар.