Позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ / КТ) – бұл ультрадыбыстық, рентгендік, КT және МРТ сияқты басқа бейнелеу құралдарымен анықталмайтын ісіктердің әр түрін диагностикалауға көмектесетін ядролық медицинадағы бейнелеу әдісі.

ПЭТ / КТ ісіктің ағзадағы таралуын бағалауға және аурудың сатысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қатерлі жасушалардың қаншалықты таралғанын білу, емдеу, әдістері мен нәтижелерін анықтауда өте маңызды.

НЕЛІКТЕН ПЭТ / КТ ЖАСАЛАДЫ?

  • метастаздар мен алғашқы ісік ошақтарын анықтау;
  • ісік процесінің дәрежесін анықтау;
  • емдеудің тиімділігін бағалау;
  • қатерсіз және қатерлі ісіктердің дифференциациясы;

ДИАГНОЗ

ПЭТ – 18FDG диагностикасы келесі ауруларға жүргізіледі:

  • Меланома
  • Лимфома
  • Жұмсақ тіндік саркомалар
  • Сүт безі қатерлі ісігі
  • Жатыр мойны
  • Зндометрия
  • Аналық без
  • Өкпе
  • Ұйқы безі
  • Асқазан
  • Ходжкин ауруы және Ходжкин емес лимфомалар
  • Ішек және басқа да қатерлі аурулар

ПРОЦЕДУРАНЫҢ БІРНЕШЕ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР:

  • Асимптоматикалық сатыда қатерлі ісіктерді анықтау мүмкіндігі
  • Амбулаторлық зерттеу, инвазивті емес
  • Техниканың қауіпсіздігі, ауырсыну сезімдерінің болмауы
  • Ағзада қатерлі процестің таралуы туралы толық ақпарат алу