Ультрадыбыстық зерттеу – дененің ішіндегі құрылыстың суреттерін жасау үшін жоғары жиілікті дыбыстық толқындарды қолданатын бейнелеу әдісі. Бұл суреттер түрлі аурулар мен жағдайларды диагностикалау және емдеу үшін құнды ақпараттар бере алады.

Әдетте ультрадыбыстық зерттеу бауыр, көкбауыр, өт қабын, өт жолдарын, ұйқы безін, бүйректі, қуықты, жатырды, аналық безді және қуықасты зерттеу үшін қолданылады. Бұл өт қабын және өт жолдарын, сондай-ақ несеп-жыныс жүйесінің ауруларын, әсіресе іштің ауырсынуына байланысты диагностикалауға арналған бейнелеу әдісі.  Екіншіден оны жүктілік және гинекологиялық ауруларды зерттеу мақсатында қолданады. Сонымен қатар, бұл мойын, қалқанша безі, сілекей бездері, кеудеге, бұлшық еттер мен буындарға, жыныс мүшесі мен аталық безге және беткі жұмсақ тіндерге баға берудің сенімді диагностикалық әдісі болып табылады. Доплерлік ультрадыбыс – ультрадыбыстық техниканың жетілдірілген түрі, өте қарапайым әдіс организмнің тамырларын, тамырлар ішіндегі қан айналымын, қан айналымының жеткіліктілігін және қан ағымының жылдамдығын анықтайды.

НЕ ҮШІН?

  • Мойын тамырларын қарау үшін (ұйқы және омыртқа артерияларының допплерлік ультрадыбыстық зерттеуі)
  • Қол мен аяқ тамырларын қарау үшін (жоғарғы / төменгі аяғындағы артериялық және / немесе веналық допплерлік ультрадыбыстық зерттеу)
  • Бауыр тамырларын зерттеу үшін (портал жүйесінің допплерлік ультрадыбыстық зерттеуі)
  • Ерлердегі аталық без тамырларын зерттеу үшін (скотум тамырларының допплерлік ультрадыбыстық зерттеуі)
  • Ісік тамырлы

КӨРСЕТКІШТЕР

  • Іш қуысы мүшелерінің аурулары
  • Сүт бездерінің аурулары
  • Қалқанша безінің аурулары
  • Репродуктивті жүйемен байланысты аурулар
  • Буындардың қабынуын, байлам аппаратының зақымдануын (синовит) анықтау
  • Ұрықтың жағдайын бақылау
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық күйін бағалау

ДОППЛЕРЛІК ЗЕРТТЕУ

Доплерография – әдеттегі ультрадыбыстық зерттеуден асып түсетін жоғары деңгейлі диагностикалық әдіс. Бұл өте қарапайым әдісті қолдана отырып, дененің қан тамырлары жүйесін, тамырлардағы қан айналымын, қан айналымының жеткіліктілігін және қан ағымының жылдамдығын анықтауға көмектеседі. Бұл сізге зиянды сәулеленуге жол бермейтін, инвазивті емес, ауыртпалықсыз өтетін зерттеу түрі. Бұл зерттеудің ешқандай қауібі жоқ, бірде-бір адам зерттеу кезінде ыңғайсыздық сезінбейді.