ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

98% дәлдік — дәрігерлерге сенім тудырған зертхана.

Зертханалық зерттеулердің жоғары дәлдігі — бұл жай ғана сандар емес. Бұл — диагноздың нақтылығына және ертеңгі денсаулыққа деген сенім.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Кеңес алу

Сипаттама

Біз әлемдік брендтердің жаңа буын жабдықтарында талдаулар жүргіземіз, бұл жоғары дәлдікті және жылдам нәтижелерді қамтамасыз етеді.

OrhunLab зертханасы жаңа буындағы жоғары дәлдікті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Біз зерттеулердің кең ауқымын жүргіземіз: қарапайым ісік маркерлерінен бастап күрделі молекулалық-генетикалық талдауларға дейін кең ауқымды зерттеулер жүргіземіз. Біз биоматериалдарды сертификатталған халықаралық орталықтарға жеткіземіз. Бұл диагностиканың ең жоғары сапасын және әрбір талдауға сенімділікті қамтамасыз етеді.

Кейбір озық талдаулар әзірге Қазақстанда қолжетімсіз, бірақ Orhun Medical науқастарға әлемдік стандарттарға сай диагностика қамтамасыз ету үшін Германия мен Түркиядағы зертханалармен ынтымақтасады.

icon
icon

ТАЛДАУЛАР ФИЛЬТРІ

Барлығы 474 талдау табылды.

Сипаттамасы

Ферритин — ағзадағы темір қорын көрсететін ақуыз. Бұл талдау темірдің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерін анықтауға, сондай-ақ қаназдық пен қабыну үрдістерін диагностикалауға көмектеседі.

Дайындық

- Аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпей 8 сағат өтуі керек). - Бір тәулік бұрын майлы тағамды, алкогольді және физикалық белсенділікті шектеу қажет. - Темір құрамындағы препараттарды қабылдап жүрсеңіз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Көрсетілімдері

- Қаназдыққа күдік - Созылмалы шаршау, әлсіздік - Көп мөлшердегі етеккір - Темірмен емдеу кезінде бақылау - Темірдің артық мөлшеріне күдік (гемохроматоз)

Сипаттамасы

B12 дәрумені (цианокобаламин) жүйке жүйесінің жұмысында, ДНҚ синтезінде және қан түзілу үрдісінде маңызды рөл атқарады. Оның жетіспеушілігі қаназдыққа, ұйып қалу сезіміне (онемение), әлсіздікке, есте сақтау қабілетінің нашарлауына және тіпті депрессияға әкелуі мүмкін.
Талдау B12 дәруменінің жетіспеушілігін ерте кезеңде анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Талдау аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпей 8 сағат өтуі керек). - Талдау алдында 1–2 күн бұрын мына нәрселерді шектеу ұсынылады: алкоголь мен ауыр (майлы, ауыр қорытылатын) тағамды тұтынбау - B12 дәрумені бар витаминдік қоспаларды қабылдамау (егер дәрігер басқаша нұсқамаған болса) - Талдау тапсыру таңертеңінде аз мөлшерде су ішуге болады.

Көрсетілімдері

- Мегалобластты қаназдыққа күдік - Тұрақты шаршау, әлсіздік, бас айналу - Есте сақтау қабілетінің бұзылуы, депрессия, мазасыздықa - Қол-аяқтың ұйып қалуы, шаншу сезімі - Асқазан-ішек аурулары (мысалы, гастрит, Крон ауруы) - Вегетариандық немесе вегандық диета - B12 дәрумені жетіспеушілігін емдеу барысындағы бақылау

Сипаттамасы

Кортизол — бүйрекүсті бездерінен бөлінетін гормон, ол зат алмасуды, қан қысымын және ағзаның күйзеліске реакциясын реттейді.
Бұл талдау гормоналды бұзылыстарды, бүйрекүсті бездерінің жұмысындағы ақауларды және созылмалы күйзелісті анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Талдау таңертең аш қарынға тапсырылады (ең тиімді уақыт — сағат 7:00–ден 10:00-ге дейін). - Бір күн бұрын мына талаптарды сақтау қажет: физикалық және эмоционалдық жүктемелерден аулақ болу - Алкоголь мен майлы тағамды тұтынбау - 1–2 апта бұрын гормоналды препараттарды қабылдау туралы дәрігермен кеңескен жөн — олар талдау нәтижесіне әсер етуі мүмкін.

Көрсетілімдері

- Иценко-Кушинг синдромына күдік (кортизолдың артық бөлінуі) - Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігіне күдік (Аддисон ауруы) - Тез шаршау, қан қысымының ауытқуы, салмақтың күрт қосылуы немесе төмендеуі - Етеккір циклінің бұзылуы - Ұзаққа созылған күйзеліс, ұйқысыздық - Гормоналды терапияны бақылау

Сипаттамасы

Дегидроэпиандростерон-сульфат (DHEA-S) — бүйрекүсті бездерін өндіретін гормон. Ол жыныс гормондарының (эстроген мен тестостеронның) ізашары болып табылады.
Бұл талдау бүйрекүсті бездерінің қызметін бағалауға, гормоналды бұзылыстарды, акненің, бедеуліктің, сондай-ақ гирсутизм (әйелдердегі шамадан тыс түктенудің) себептерін анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпегенге кемінде 8 сағат болуы қажет). Бір күн бұрын мына талаптарды сақтау қажет: - Күйзеліс пен физикалық жүктемелер - Алкоголь, темекі және майлы тағамдар - 1–2 апта бұрын гормоналды препараттарды қабылдау туралы дәрігермен кеңесіңіз — олар талдау нәтижесіне әсер етуі мүмкін. - Әйелдерге: талдауды етеккір циклінің 3–5 күндері арасында тапсыру ұсынылады (егер дәрігер басқаша көрсетпесе).

Көрсетілімдері

- Етеккір циклі бұзылған жағдайда - Поликистозды аналық безге (ПАБС) күдік болғанда - Акне(безеу), майлы тері, шаш түсу - Әйелдердегі шамадан тыс түктердің өсуі - Бедеулік - Бүйрекүсті бездерінің қызметін бағалау - Бүйрекүсті безі қыртысының ісігіне немесе гиперандрогенияға күдік

Сипаттамасы

Инсулин — ұйқыбез бөлетін, қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормон.
Бұл талдау қант диабетін, инсулинге төзімділікті, метаболикалық синдромды және көмірсу алмасуының бұзылыстарын анықтауға көмектеседі.
Көбінесе бұл талдау глюкоза деңгейі мен HOMA-индексімен бірге жүргізіледі.

Дайындық

- Қатаң түрде аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпегенге кемінде 8–12 сағат болуы қажет). Бір күн бұрын мына талаптарды сақтау қажет: - Алкоголь, тәтті және майлы тағамдар - Физикалық жүктеме мен күйзеліс - Таңертең аз мөлшерде су ішуге болады. - Қандағы қантты төмендететін дәрілерді қабылдап жүрген жағдайда, дәрігермен кеңеспей тұрып талдау тапсыру ұсынылмайды.

Көрсетілімдері

- 2-типтегі қант диабетіне күдік - Инсулинге төзімділік (семіздік немесе метаболикалық синдром кезінде) - Қандағы қант деңгейінің ауытқуы, есінен тану, қатты тершеңдік - Ұйқыбездің қызметін бағалау - Қант диабеті кезінде емді бақылау - Инсулинома (артық инсулин бөлетін ісік) анықтау

Сипаттамасы

Кальцитонин — қалқанша безінің С-жасушаларында түзілетін гормон.
Негізгі қызметі — қандағы кальций деңгейін реттеу.
Бұл талдау қалқанша безінің медуллярлы қатерлі ісігін диагностикалау және бақылау, сондай-ақ қатерлі ісік қаупін бағалау үшін қолданылады.

Дайындық

- Аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпегенге кемінде 8 сағат болуы қажет). Талдау тапсырудан бір күн бұрын: - Майлы тағам, алкоголь және физикалық жүктемелерден аулақ болу - Күйзелістен сақтану - Кейбір дәрілер (әсіресе гормондар мен кальций қосындылары) талдау нәтижесіне әсер етуі мүмкін — оларды қабылдау жөнінде дәрігермен алдын ала кеңесіңіз.

Көрсетілімдері

- Қалқанша безіндегі түйінді түзілістер - Медуллярлы қатерлі ісікке күдік - Ісіктерге тұқым қуалайтын бейімділік (мысалы, МЕН синдромы кезінде) - Медуллярлы ісікті алып тастағаннан кейінгі бақылау - Кальций алмасуының бұзылуы

Сипаттамасы

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) гипофиз безінде түзіледі және әйелдерде етеккір циклін, ал ерлерде тестостерон өндірілуін реттеуде маңызды рөл атқарады.
ЛГ деңгейін анықтайтын талдау ұрықтану қабілетінің (фертильдіктің) бұзылуын, жыныстық функцияның бұзылуын, сондай-ақ гипофиз безінің қызметін бағалауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең аш қарынға тапсырылады (тамақ ішпегенге 8–12 сағат болуы қажет). 1–2 күн бұрын мына талаптарды сақтау қажет: - Күйзеліс, физикалық жүктеме, алкоголь - Гормоналды препараттар(дәрігердің рұқсатымен) - Әйелдер үшін: егер дәрігер басқаша нұсқамаған болса, талдауды етеккір циклінің 2–5 күндері арасында тапсыру ұсынылады.

Көрсетілімдері

- Етеккір циклінің бұзылуы - Овуляцияның болмауы, бедеулік - Поликистозды аналық без синдромына күдік (ПАБС) - Етеккірден тыс қан кетулер - Жыныстық жетілудің ерте басталуы немесе кешігуі мүмкін деген күдік - Ер адамдарда жыныстық функцияның бұзылуы (либидоның төмендеуі, бедеулік)

Сипаттамасы

ПТГ (паратгормон) — қалқанша маңы бездері өндіреді және қандағы кальций мен фосфор деңгейін реттейді. Бұл талдау кальций алмасуының бұзылуларын, қалқанша маңы бездерінің ауруларын, сондай-ақ сүйектің сынғыштығының, бұлшықет құрысуының және әлсіздіктің себептерін анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Ашқарынға тапсырылады (тамақ ішпегенде 8 сағат болуы қажет) 1 күн бұрын мына талаптарды сақтау қажет: - Физикалық және эмоционалдық жүктемелерден - Майлы тағам мен алкогольден - Таңертең аз мөлшерде су ішуге болады - Кальций, D дәрумені және несеп айдайтын дәрілерді қабылдамау керек (дәрігермен келісу арқылы)

Көрсетілімдері

- Қандағы кальций немесе фосфор деңгейінің бұзылыстары - Сүйектердің сынғыштығы, жиі болатын сынықтар - Бұлшықет құрысуы, аяқ-қолдың жансыздануы - Гипо немесе гиперпаратиреоз болуы мүмкін деген күдік - Остеопорозды диагностикалау және бақылау - Бүйрек аурулары кезінде — кальций алмасуына әсерін бағалау үшін

Сипаттамасы

Прогестеронды аналық бездер овуляциядан кейін шығарады және ағзаны жүктілікке дайындауға көмектеседі.Бұл талдау овуляцияны, ұрықтандыру қабілетін (фертильдікті), етеккір циклының бұзылу себептерін және жүктілік кезіндегі жағдайды бағалауға көмектеседі.

Дайындық

- Талдау таңертең, ашқарынға тапсырылады - Бір күн бұрын майлы тағамды, күйзелісті және физикалық жүктемелерді болдырмау керек - Әйелдерге: егер дәрігер басқаша нұсқамаған болса, талдау көбінесе етеккір циклының 21–23 күндері

Көрсетілімдері

- Етеккір циклының бұзылуы - Овуляцияның болмауы мүмкін деген күдік - Бедеулік - Цикл фазасын бағалау - Жүктілік кезінде бақылау - Аналық бездер мен бүйрекүсті бездерінің ауруларын диагностикалау

Сипаттамасы

Пролактин — гипофизде өндіріледі. Ол сүт бөлінуіне (лактацияға) жауап береді, етеккір циклына, ұрықтану қабілетіне (фертильдікке) және жыныстық функцияға әсер етеді. Бұл талдау гормоналдық бұзылыстарды, гипофиз ісіктерін және бедеуліктің себептерін анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Талдау таңертең, ашқарынға, ұйқыдан оянғаннан кейін 2–3 сағат ішінде тапсырылады - Бір күн бұрын: күйзеліс, физикалық жүктемелер және жыныстық қатынас болмауы керек - Талдауға 1–2 сағат қалғанда: темекі шекпеу, уайымға салынбау керек - Әйелдерге: талдауды етеккір циклының 3–5 күндері арасында тапсыру ұсынылады(егер дәрігер басқаша нұсқамаған болса)

Көрсетілімдері

- Бедеулік, овуляцияның болмауы - Етеккір циклының бұзылуы - Жүктілікке қатысы жоқ жағдайда сүт бездерінен бөліністердің болуы - Ер адамдарда либидоның төмендеуі, әлсіздік (импотенция) - Гипофиз ісігі (пролактинома) болуы мүмкін деген күдік

Сипаттамасы

С-пептид — инсулинмен бірге өндіріледі және инсулиннің табиғи (эндогендік) бөлінуін көрсетеді. Бұл талдау ұйқы безінің жұмысын бағалауға, қант диабетінің түрлерін ажыратуға және емнің тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Дайындық

- Ашқарынға тапсырылады (тамақ ішпей 8–12 сағат) - Бір күн бұрын майлы тағам, алкоголь және күйзеліс жағдайларынан аулақ болу керек - Таңертең тек су ішуге рұқсат - Дәрігер тағайындаған жағдайда глюкоза жүктемесімен де жасалуы мүмкін

Көрсетілімдері

- Қант диабетінің түрін диагностикалау - Ұйқы безінің қалған қызметін бағалау - Инсулинома болуы мүмкін деген күдік - Қант диабетін емдеуді бақылау - Инсулинге тәуелді және инсулинге тәуелді емес жағдайлар арасындағы дифференциация

Сипаттамасы

Жалпы Т3 — бұл белсенді тиреоидтық гормонның формасы, ол зат алмасуын, жүрек ырғағын және жүйке жүйесін реттеуге қатысады. Бұл талдау қалқанша безінің қызметін бағалауға мүмкіндік береді, әсіресе гипертиреоз болуы мүмкін деп күдіктенген жағдайда.

Дайындық

- Таңертең ашқарынға тапсырылады - Бір күн бұрын физикалық жүктемелерден, күйзелістен және алкогольден аулақ болу керек - Дәрігермен келісу арқылы қалқанша безіне қатысты және басқа гормоналды препараттарды уақытша тоқтату қажет

Көрсетілімдері

- Гипертиреоздың белгілері (тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, салмақтың төмендеуі) - Қалқанша безі ауруларын емдеу барысын бақылау - Қалқанша безіндегі түйіндер және оның ұлғаюы - Етеккір циклының бұзылуы, бедеулік - Тиреотоксикоз болуы мүмкін деген күдік

Сипаттамасы

Еркін Т3 — жалпы Т3 гормонының қан ақуыздарымен байланыспаған бөлігі, ол тікелей зат алмасуға, дене температурасына, жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. T3 талдауы гипертиреозға күдік болған жағдайда және қалқанша безі ауруларын емдеудің тиімділігін бағалау үшін ерекше маңызды.

Дайындық

- Таңертең, ашқарынға тапсырылады - Бір күн бұрын майлы тағамнан, күйзелістен және физикалық жүктемеден аулақ болу керек - Дәрігермен келісу арқылы — қалқанша безіне арналған препараттарды уақытша тоқтату қажет

Көрсетілімдері

- Гипертиреоздың белгілері (мазасыздық, салмақтың төмендеуі, жүрек соғысының жиілеуі) - Қалқанша безі ауруларын бақылау - Қалқанша безіндегі түйіндер, зоб, тиреотоксикоз - Етеккір циклының бұзылуы, бедеулік - Гипертиреоздың әртүрлі формалары арасындағы дифференциация

Сипаттамасы

Жалпы Т4 (тироксин) — қалқанша безі өндіретін негізгі гормон. Ол зат алмасуды, өсу үдерісін, дене температурасын, жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысын реттейді. Бұл талдау гипотиреоз немесе гипертиреозды анықтауға, сондай-ақ емнің тиімділігін бағалауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең, ашқарынға тапсырылады - Бір күн бұрын күйзеліс, алкоголь және физикалық жүктемелерден аулақ болу керек - Гормоналды және қалқанша безіне қатысты препараттарды қабылдауды дәрігермен келісу қажет

Көрсетілімдері

- Гипо немесе гипертиреоз болуы мүмкін деген күдік - Белгілері: шаршағыштық, салмақтың қосылуы немесе азаюы, тершеңдік, ашушаңдық - Қалқанша безі ауруларын емдеуді бақылау - Жүктілікті жоспарлау - Етеккір циклының бұзылуы, бедеулік

Сипаттамасы

Т4 (тироксин) еркін — қан ақуыздарымен байланыспаған, тироксин гормонының белсенді түрі. Ол зат алмасуды, жүрек пен жүйке жүйесінің қызметін реттейді, ішкі ағзалардың жұмысына әсер етеді.
FT4 гормонына талдау:
гипотиреозды (қалқанша безінің қызметінің төмендеуі), гипертиреозды (қызметінің артуы) анықтауға және қалқанша безге жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең, ашқарынға тапсырылады. - Талдауға бір күн қалғанда күйзелістен, дене жүктемесінен, алкогольден аулақ болу қажет. - Дәрі-дәрмектерді (әсіресе гормоналды препараттарды) қабылдау — тек дәрігермен кеңесіп қабылдау қажет.

Көрсетілімдері

- Гипотиреоз немесе гипертиреоз белгілері - Салмақтың, ұйқының, жүрек соғысының, көңіл күйдің бұзылуы - Гормоналды препараттарды қабылдау кезіндегі бақылау - Қалқанша безінің ұлғаюы (зоб), түйіндердің болуы - Жүктілікті жоспарлау, бедеулік мәселелері

Сипаттамасы

Тестостерон — ерлерде негізінен аталық бездерде, ал әйелдерде аз мөлшерде аналық бездер мен бүйрек үсті бездерінде түзіледі. Бұл гормон жыныстық функцияға, бұлшықет массасына, көңіл күйге, зат алмасуға әсер етеді. Талдау гормоналды бұзылуларды, бедеулікті және жыныстық дисфункцияны диагностикалауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең ашқарынға тапсырылады (ең қолайлы уақыты — сағат 7:00–10:00 аралығы). - 1–2 күн бұрын күйзелістен, алкогольден, қарқынды жаттығулардан аулақ болу керек. - Гормоналды препараттарды қабылдауды тоқтату — тек дәрігердің келісімімен жүзеге асырылады.

Көрсетілімдері

- Ерлерде: жыныстық құштарлықтың төмендеуі, эректильді дисфункция, бедеулік, семіздік, әлсіздік. - Әйелдерде: шамадан тыс түк өсу (гирсутизм), безеу (акне), етеккір циклі бұзылыстары, гиперандрогенияға күдік. - Жасөспірімдерде жыныстық дамудың бұзылыстары. - Гормондық терапия кезінде бақылау жасау.

Сипаттамасы

Тиреоглобулин — қалқанша безінің жасушалары түзетін ақуыз. Қалыпты жағдайда оның деңгейі қанда өте төмен болады.
Бұл талдау негізінен қалқанша безі алынғаннан кейін немесе қалқанша безінің қатерлі ісігінде
рецидивтерді (қайталануды) және қалған тіндердің бар-жоғын бақылау үшін қолданылады.

Дайындық

- Таңертең, ашқарынға тапсырылады. - Талдауға бір күн қалғанда дене жүктемесінен, күйзелістен, алкогольден аулақ болу қажет. - Талдау алдында қалқанша безі гормондары мен йод препараттарын қабылдауды тоқтату керек(дәрігердің нұсқауы бойынша).

Көрсетілімдері

- Қалқанша безді алып тастағаннан кейін бақылау - Қалқанша безінің қатерлі ісігін бақылау (соның ішінде фолликулярлы және папиллярлы түрлері) - Тиреоидитті диагностикалау - Қалқанша безіндегі түйіндер немесе зоб кезінде оның қызметін бағалау

Сипаттамасы

Тропонин I — жүрек бұлшықетінде кездесетін ақуыз. Жүрек зақымдалғанда (мысалы, инфаркт кезінде) бұл ақуыз қанға тез түседі. Оның деңгейін анықтау — миокардтың жедел зақымдануын, тіпті ерте кезеңде де, дәл диагностикалауға мүмкіндік береді.

Дайындық

- Арнайы дайындық талап етілмейді. - Қанды кез келген уақытта тапсыруға болады (жиі — шұғыл жағдайда). - Егер талдау жоспарлы түрде тапсырыласа — ашқарынға болғаны жөн.

Көрсетілімдері

- Кеуде тұсындағы ауырсыну, инфарктқа күдік - Жүрекке қатысты асқынулардың қаупін бағалау - Жүрекке жасалған отадан кейінгі жағдайды бақылау - Стенокардия, аритмия немесе жүрек жеткіліксіздігі кезінде бақылау жүргізу

Сипаттамасы

Тиреотропты гормон (ТТГ) гипофизде түзіледі және қалқанша безінің қызметін реттейді — Т3 және Т4 гормондарының түзілуін ынталандырады. ТТГ талдауы — қалқанша безі қызметінің бұзылуын (гипотиреоз немесе гипертиреоз) анықтауға арналған негізгі скрининг әдісі.

Дайындық

- Таңертең, ашқарынға тапсырылады. - Бір күн бұрын күйзелістен, дене жүктемесінен, алкогольден аулақ болу қажет. - Гормоналды препараттар (соның ішінде тироксин) — тек дәрігердің келісімімен қабылданады немесе тоқтатылады.

Көрсетілімдері

- Белгілері: шаршау, ұйқышылдық, ашуланшақтық, салмақтың ауытқуы - Гипотиреоз немесе гипертиреозға күдік - Қалқанша безі ауруларын емдеу кезінде бақылау - Қалқанша безіндегі түйіндер немесе оның ұлғаюы - Жүктілікті жоспарлау, бедеулік мәселелері - Жаңа туған нәрестелерге скрининг жасау

Сипаттамасы

Фолликулды ынталандыратын гормон (ФСГ) әйелдерде аналық бездердің, ал ерлерде сперматогенездің (сперма түзілуінің) жұмысын реттейді.
Бұл гормон жұмыртқаның жетілуіне, етеккір цикліне және ұрпақ әкелу қабілетіне әсер етеді. ФСГ талдауы бедеуліктің себептерін, цикл бұзылыстарын, менопаузаны және гормоналды теңгерімсіздіктерді анықтауға көмектеседі.

Дайындық

- Таңертең ашқарынға тапсырылады. - Әйелдерде — көбінесе етеккір циклінің 3–5-ші күндерінде (басқа нұсқа көрсетілмесе). - Бір күн бұрын күйзеліс, спорт және алкогольден аулақ болу қажет. - Гормоналды препараттарды қабылдау — дәрігермен келісілуі тиіс.

Көрсетілімдері

- Әйелдер мен ерлердегі бедеулік - Етеккір циклдің бұзылуы - Ерте немесе кеш менопаузаға күдік - Жұмыртқаның немесе ұрық безінің қызметін бағалау - Гормоналды терапияны бақылау - Жасөспірімдердегі жыныстық дамудың бұзылуы

Филиалдар

Талдаулар тапсыруға болатын медициналық орталықтар.

Қан алынғаннан кейін 3 сағат ішінде талдаулардың негізгі бөлігі дайын болады.

icon

Алматы

Қарағанды

Тараз

Ақтау

Қызылорда

icon

Қазыбек бидегі медициналық орталық

icon

Алматы қ., Қазыбек би көш., 12В

МРТ

Дс-Жк: 08:00-00:00 (Жазылу бойынша) 20:00-00:00 (Контрастсыз)

КТ

Дс-Жк: 08:00-13:00 (Жазылу бойынша) 13:00-00:00 (Контрастсыз). Тірі кезек

Рентген

Дс-Жк: 08:00-00:00

Маммография

Уақытша жұмыс жасамайды

Денситометрия

Дс-Жк: 08:00-00:00

Процедуралық

Дс-Жм: 08:00-17:00 Сб-Жк: 08:00-16:00

Зертхана

Дс-Жм: 08:00-17:00 Сб: 09:00-13:00

УДЗ

Дс-Жм: 08:30-16:30 Сб: 09:30-13:30

Емхана

Дс-Жм: 08:00-17:00 Сб: 09:00-13:00

Біз өз қызметімізді 2018.12.14 ж. берілген №18022549 медициналық лицензия негізінде жүзеге асырамыз. Лицензияны Алматы қ. «Кәсіпкерлік және ИИД басқармасы» ММ берген.

icon
Orhun Medical логотип ORHUN MEDICAL

Үйге шығатын қызметтер

Бөлімше

icon

Қызметтер

Orhun Medical логотип ORHUN MEDICAL

Нәтижелер

Мед. сақтандыру

Компания туралы

WhatsApp-та жазу

* WhatsApp.: +7(776)000-2814

Колл-орталыққа қоңырау шалу

* Телефон: +7(776)000-2814

WhatsApp